Жеуге жарамды ыдыс қалдық деп саналатын өнімдерді қайта
өңдеуге мүмкіндік береді. Ол биоматериалдардан
жасалады: астық қалдықтары, жүгері крахмалы, алма талшығы... Оны өндіруде
ешқандай химиялық қоспалар қолданылмайды.
Нәтижесінде:
Бұл ыдыс, әдетте, биоыдырайтын болады: ол қоршаған ортаға
зиян келтірместен ыдырайды. Ол ыдырауды тездету үшін өнеркәсіптік қондырғыда қордалауға жарамды.
Тіпті, жеуге жарамды ыдыс шыныдан немесе қатырмадан
жасалған ыдысқа қарағанда «жасылырақ»
болады. Шынында да, оның өмірлік циклі су мен энергиянының азырақ шығымын қажет
етеді.
Кейтеринг қалдықсыз үрдіске бейімделеді
Жеуге
жарамды ыдыс сұйықтықтар мен жылудың
әсеріне төзімді. Асхана аспаптары, тәрелкелер, шыны-аяқтар, тостағандар ыстық тағаммен
шамамен 45 минут түйісіп тұра алады. Суық тағамдармен түйісуде өзінің
қасиеттерін одан да ұзақ сақтайды.
Еуропалық
өндірушілер мұндай өнімдерді түрлі дәмімен
ұсынады:
·
Десерттерге арналған шоколад, ваниль немесе құлпынай,
·
Ыстық тағамдарға арналған шөптер немесе дәмдеуіштер.
Үздік аспаздарда әлдеқашан жеуге жарамды ыдыс
Атақты
аспаздар көптеген жылдар бойы осы жаңа
ыдысқа қызығушылық танытуда:
·
Француз аспазы Дэвид Тутэн, мысалы, картоп верриндерін қолданады
(тағамдарды кішкене стақандарға салып ұсыну).
·
Тьерри Маркс физик-химик Рафаэль Омонмен бірге болашақ құтысын ойлап
тапты. Бұл толығымен биоыдырайтын
теңіз балдырларынан жасалған герметикалық капсулалар.