METRO Қазақстандағы тұрақты даму
Қоғамдық тамақтандыру саласында тұрақты
даму барған сайын маңызды бола түсуде. Сондықтан біз METRO Қазақстан тұрақты
дамуды корпоративтік қызметіміздің эталоны етіп алдық. Осылайша, біз күнделікті іс-әрекетіміз арқылы экономикалық, экологиялық
және әлеуметтік тұрақты құндылықты жасауға үлес қосамыз. Біз өз клиенттерімізге, қызметкерлерімізге және біз үшін жұмыс істейтін барлық адамдарға өмір
сүру сапасын ұсынамыз және сонымен бірге біз өмір сүріп жатқан қоршаған ортаға
және қоғамға үлес қосамыз.
METRO ЖОБАЛАР
Тұрақты даму
Пандемияға қатысты жағдай әлеуметтік
және жаһандық мәселелерге назар аударудың қаншалықты маңызды екенін және оларды
серіктестікте шешудің қаншалықты маңызды екенін, шешім табу үшін күш
біріктірудің қаншалықты маңызды екенін көрсетті. METRO кез келген деңгейдегі
және ауқымдағы қиындықтармен күресуге үлес қосуға тырысады. Мұндай
серіктестіктің ең айқын мысалы - белсенділер
мен корпорациялар арасындағы коллаборация болып табылады.
METRO-ныңэко-жобалары
Бүгінде экология мәселесі көпшілікті
толғандырады, себебі ол ашық күйінде қалып отыр. Бұл эко-мәселелерді шешуге
барлығы дерлік қатыса алады деген сөз. METRO қоршаған ортаға зиян тигізбейтін
биологиялық ыдырайтын материалдардан: бамбуктан, қағаздан және полиактидтен жасалған экологиялық тауарларды пайдалануға ұмтылады. Біз ортақ күшімізбен ортақ
үйімізді таза ұстаймыз!
Қайта өңдеу
Қалдықсыз өмір сүру
мүмкін емес, бірақ қоқыс көлемін біртіндеп азайту қалыпты жағдайға айналуы тиіс.
Қалдықтарды азайту үшін әрқайсымыз өз үлесімізді қоса аламыз
- егер қалдықтарды бөлек жинау тұрақты
тұрмыстық әдеттерге енгізілсе, полигондардағы заттардың көпшілігін қайта
өңдеуге болар еді. Сұрыптау шикізаттың үлкен
көлеміне екінші өмір беруге мүмкіндік береді, кәдеге жаратуды жеңілдетеді, ең
бастысы – үйінділердің санын азайту арқылы
экологиялық жағдайды жақсартады.