МЕЙРАМХАНАЛАРҒА ЖЕТКІЗУ

Меншікті METRO жеткізу қызметі сіздің мейрамханаңызды, кафеңізді немесе қонақ үйіңізді аптасына 6 күн тауарлардың барлық ассортиментімен қамтамасыз етеді. HORECA сегменті METRO үшін басымдыққа ие және біз мейрамханалар, барлар мен қонақ үйлерге арналған тауарлар ассортиментін толтыруға ерекше назар аударамыз. METRO-да сіз әрқашан жаңа піскен көкөністер мен десерттерді, экзотикалық жемістерді, сондай-ақ асүй мен залдарға арналған кәсіби ыдыс-аяқтарды таба аласыз.

Әрбір METRO сауда орталығы сіздің мейрамханаңызға немесе мейманханаңызға азық-түлік өнімдері мен әр түрлі тауарлар үшін ыңғайлы қойма бола алады, бұл сіздің компанияның бюджетіне тигізетін пайдасына айтарлықтай әсер етеді.Күнделікті қанша азық-түлік өнімі қажет болса, сонша сатып алыңыз! Барлық азық-түлік өнімдері ХАССП жүйесіне сәйкес келеді және тиісті сапа сертификаттарына ие.

Біз сіз үшін азық-түлік өнімдерінің сапасы мен балғындығы қаншалықты маңызды екенін білеміз. Оларды сақтау үшін METRO-да сақтаудың қатаң стандарттары бар, олар қоғамдық тамақтану орындары үшін өте маңызды.

Ай сайынғы бекітілген бағалар

Әр түрлі температуралық режимдерді сақтайтын логистика

КЛИЕНТТІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІНЕ КӨҢІЛ БӨЛІҢІЗ, АЛ ЖЕТКІЗУДІ БІЗГЕ ҚАЛДЫРЫҢЫЗ

Біз аптасына алты күн жеткіземіз, біз мұны мүмкіндігінше жылдам жұмыс істейтін логистикалық қызметтің көмегімен жасаймыз, оның иелігінде әр түрлі сыйымдылықтағы көліктер бар, оның ішінде мұздатылған және салқындатылған өнімдерді тасымалдауға арналған көліктер бар. Біздің меншікті логистикалық жеткізу қызметі METRO өнімнің сапалы тасымалдануы үшін барлық жауапкершілікті алады: қоймадан бастап сіздің мекемеңіздің есігіне дейін. METRO жеткізу өзінің мәзірінің және өнімдерінің балғындығы мен өзектілігін қолдайтын қонақүй саласындағы кәсіпқой мамандарға, кәсіби рестораторларға, бас-аспазшыларға өте ыңғайлы. Сондай-ақ сізді келісілген кестеге сәйкес жеткізу мүмкіндігі қуантады. Сатып алу жоспарын жасаңыз және біз оны сіздің мейрамханаңыздың табалдырығына дейін жеткіземіз. Әр клиентке жеке қолдау көрсететін кәсіби менеджерлер мен кеңесшілер тобы сатып алулар мен жеткізулерді ұйымдастыруға көмектеседі.