METRO келесі шарттарда мәліметтерді өңдеуді орындайды:
Мәліметтерді Өңдеудегі мақсат: - сатуға ұсынылатын тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді алға жылжыту;
- клиенттердің адалдығын (бейілділігін) арттыру бойынша науқандар мен жарнамалық науқандарды жүзеге асыру;
Мәліметтерді өңдеу бұл келесі әрекеттерді білдіреді: - жинау, - сақтау, - жаңарту, - өзгерту, - жою, - трансшекаралық тасымалдау.
Мәліметтерді өңдеудің басталуы – осы саясаттың расталған сәтінен бастап, Мәліметтерді өңдеудің аяқталуына дейін - METRO клиенттері үшін - METRO клиенттік картасының жарамдылық мерзімі плюс үш жыл; қарапайым жазылушылар үшін - жазылудан бас тартқанға дейін (жіберілім хатынан бас тарату опциясы арқылы).
METRO барлық Мәліметтерді заңсыз қол жеткізуден, рұқсатсыз өзгертуден (зақымданудан), жоғалтудан және жария етуден қорғауды қамтамасыз етеді. Мәліметтерді сақтайтын және өңдейтін ақпараттық орталықтар Қазақстан мен Германияда орналасқан.
Германиядағы ақпараттық орталықтың операторы - «МЕТРО АГ» компаниясы болып табылады, Германия, Дюссельдорф, 40235, Шлютерштрассе 1. Ақпараттық орталықтың мәліметтерін қорғау ЕО пен Германияның тиісті заңнамасына сәйкес қатаң түрде жүзеге асырылады.
METRO үшінші тұлғаның құпиялылығын сақтауға және берілген Мәліметтердің сенімді түрде қорғалуын қамтамасыз етуге міндеттеле отырып, қатаң түрде осы саясатта көрсетілген мақсаттарға сәйкес, кәсіби ақпараттық қызметтерді көрсететін үшінші тұлғаға кейбір Мәліметтерді бере алады.
METRO сонымен бірге, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда, соттың, анықтау органдарының, тергеудің, салықтың және басқа да құзыретті органдардың жазбаша өтініші бойынша, сұрау салушы үшінші тарапқа Деректерді ұсынуға құқылы екендігін мәлімдейді.