МҰЗДАТЫЛҒАН ЖЕМІСТЕР, ЖИДЕКТЕР

Мұздатылған жемістер мен жидектер - десерттерді, кондитерлік өнімдерді, морстар мен нәрсуларды дайындау үшін алмастырылмайтын ингредиенттер, сонымен қатар әрқашан мәзір ассортиментінде жидектер қосылған пайдалы және дәмді лимонадтар мен шайларды дайындау тәсілі.

Мұздатылған жемістер мен жидектердің кең ассортименті өндірушілермен тексеріліп, мейрамханалар, кафелер мен бас-аспазшылардың қажеттіліктеріне бағыттала отырып, оның ішінде меншікті брендтерді қоса алғанда METRO-да ұсынылған.

Өте жақсы сапа

Тәбетті ашатын сортқы түр

Жыл бойы қолжетімділік

90%-ға дейінгі барлық дәрумендердің сақталуы

ТЕК ҚАНА ДӘМДІ ЕМЕС, СОНЫМЕН ҚАТАР ӨТЕ ЫҢАЙЛЫ


METRO меншікті брендтерінің мұздатылған жемістер мен жидектерінен сүйікті дәрумендерге бай тағамдар мен сусындарды дайындау жеңіл әрі қарапайым. Олар 1 -ден 2,5 кг -ға дейінгі ыңғайлы қаптамаларда келеді. Дәл өзіңізге сәйкес келетін өнім көлемін сатып алыңыз.



ҚАРҚЫНДЫ МҰЗДАТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША

Жемістер мен жидектерді мұздату арқылы дайындау ХХ ғасырдың басында пайда болды және әлі де көптеген өндірушілерде кеңінен қолданылады. Технологияның дамуы мен алғашқы балғындықты және дәрумендерді сақтау тәсілдерін іздестіру METRO-ның меншікті брендтері қолданатын қарқынды мұздату технологиясының пайда болуына әкелді. 


Қарқынды мұздату - бұл тағамның барлық дәрумендерін, қоректік заттарын және балғын өнімнің дәмдік сапасын ұзақ уақыт сақтайтын, өте төмен температурада тағамды өте жылдам мұздату. 

 

Алдын ала сүйегі алынған шие, қаражидек, мүкжидек, қарақат, авокадо, ананас және басқа да піскен жемістер мен жидектер қарқынды мұздатуға ұшырайды. 


Мұздату процесі арнайы «қарқынды» мұздатқыш қондырғыларда -40°С температурада өтеді. Бұл әдіс сонымен қатар  үлкен мұз кристалдарының пайда болуынсыз құрылымды толығымен сақтайды. Сіз мұздың салмағы үшін төлемейсіз, тек мұздатылған өнім үшін төлейсіз.


Дүниежүзіндегі бас-аспазшылар қарқынды мұздатудан кейін ерітілген өнім сұйықтықтың жоғалуына әсер етпейтінін және консистенциясы мен дәмін сақтайтынын айтады. 



ПАЙДАСЫ ТУРАЛЫ

Мұздатылған жемістер мен жидектердің пайдалы артықшылықтары, әсіресе METRO меншікті брендтері қолданатын, қарқынды мұздатуға ұшыраған, олардың табиғатына тән дәрумендер мен микроэлементтердің 90% дейін сақталуында. Ұзақ сақтау мүмкіндігін ескере отырып, сіз маусымға қарамастан пайдалы заттардың қорын толықтыруға мүмкіндік аласыз.


Қарқынды мұздату қант немесе сироп қоспай жүреді, оларды жеке пайдалану кезінде, кәсіби асханада да тамақ дайындау кезінде олардың құндылығын арттырады.


Мұздатылған жемістер мен жидектерден бәріне ұнайтын қоректік ыстық және суық сусындар дайындауға болады: морстар, коктейльдер, йогурттар, желе, сондай-ақ дәмді және пайдалы десерттер, балкүлшеге арналған тортырмалар.