METRO Professional 

Бизнес, мейрамханалар мен кафелердің, қонақ үйлер мен барлардың қажеттіліктеріне арналған азық-түлік емес тауарлар мен кәсіби гастрономиялық жабдықтар. Барлық өнімдер мейрамханалар мен HoReCa саласындағы кәсіби бизнестің қажеттіліктерін ескере отырып жасалған және кәсіби бас-аспазшылар қауымдастығынан стильді дизайны, функционалдылығы, практикалық қасиеттері және сапасының жоғары болғаны үшін аса жоғары дәрежеде бағаланды.

METRO Professional жоғары сапалы өнімдердің кең ассортименті жайлылықпен, беріктігімен және әсемдігімен ерекшеленеді, оларды әлем бойынша миллиондаған кәсіби аспаздар күн сайын қолданады.

ҚАНДАЙ ЖАБДЫҚТЫ ТАҢДАУ КЕРЕК?

Мекеменің жабдықтарын таңдау - бұл әрқашан жеке процесс болып табылады және мекеменің форматына байланысты. Кез келген сайт немесе платформа кәсіби жабдықтар мен аксессуарлардың толық ассортиментін ұсына алмайды. Тек METRO Professional брендімен 700-ден астам тауарлар атауы шығарылады.


Аспаптар мен жабдықтарды сізге таңдасуда көмектесу үшін және таңдауды жеңілдету үшін біз жеке қызмет құрдық. Сіз келген кезде сізбен жеке кеңесші немесе менеджер еріп жүреді, ол сізге барлық ассортименттермен жеке таныстырады.


Кәсіби жоспардағы ас үй - бұл кеңістік пен жұмыс процесінің ең ыңғайлы және эргономикалық ұйымдастырылуын талап ететін күрделі құрылым. Ал біздің менеджерлер мұны басқалардан жақсы біледі.


Ас үйге арналған жабдықты таңдағанда, өндірушінің сапасын дұрыс бағалау маңызды. Құрылғылар неден жасалғанын, қалай құрастыру керек және олар пайдалану кезінде қалай әсер ететінін мұқият зерттеңіз.


Барлық METRO Professional өнімдері кәсіби бас-аспазшылардың қатысуымен жасалған, бұл материалдардың бірегей ерекшеліктері мен талаптарын, практикалық және беріктікті ескеруге мүмкіндік берді.