METRO Chef меншікті белгі жүйесіндегі кілегейдің жоғары сапасы - жануарлардың жоғары сапалы майларын қолдануға байланысты. Осының арқасында кілегей қанық қою текстурамен және керемет сапалы дәммен біркелкі шайқалады.
METRO Chef КІЛЕГЕЙЛЕРІ
Бұл бас-аспазшылармен бірге бас-аспазшыларға және кондитерлік кәсіпке құмар адамдарға арнап жасалған 100% табиғи өнім
Мейрамхана бизнесіндегі кәсіби мамандарының жоғары талаптарына жауап беретін сапа
Ыңғайлы қаптама және көтерме баға
Өсімдік және жануардан алынатын кілегейдің айырмашылығы неде?
Кондитерлік кілегейлер шығу тегі бойынша өсімдіктер мен жануарларға бөлінеді. Өсімдік кілегейлері ұзақ уақыт сақталуымен және жануар майынан алынған табиғи кілегейді үнемді алмастыра алуымен бағаланады. Өсімдік кілегейлерін өндіру үшін кокос, пальма немесе пальма дәндерінің майлары жиі қолданылады. Өсімдік кілегейлеріне «табиғи» көрініс беру үшін оларға кейбір сүт ақуыздары қосылады. Жануарлардан алынған кілегей қаймағы алынбаған сүттен май фракцияларын бөлу арқылы алынады және құрамындағы майлылығы 10 -дан 20% -ға дейін - қалыпты және 30%-дан жоғары майлы кілегей өндіріледі. Майдың көп болуына байланысты кілегей өте қоректік өнім болып саналады. Мұндай кілегейден алынған көбік оңай шайқалады және қалың әрі тұрақты болып шығады, ал дәмі нәзік. Сондықтан жануарлардың кілегейі ең нәзік десерттер мен тәтті тағамдарды дайындау үшін ең үздік кондитерлерде қолданылады. METRO Chef меншікті брендтердің кілегейлері тағамдар, кондитерлік өнімдер мен десерттерді дайындау кезінде тамаша қасиеттерін қамтамасыз ететін, тек қана жануарлардың табиғи майларының негізінде дайындалады.
METRO Chef-тен майдың салмақтық үлесі 33% болатын шайқауға арналған кілегей, әсіресе шайқауға өте жақсы үйлеседі. Олар сүт майынан дайындалады және жоғары жылдамдықпен, тұрақты құрылымымен және нәзік дәмімен ерекшеленеді.
Тұздықтарға арналған
METRO Chef-тен майдың салмақтық үлесі 23% болатын тұздықтарға арналған кілегей, тұздықтарды дайындауға өте қолайлы. Олардың айрықша ерекшеліктері - буланудың жоғары жылдамдығы, бұл пісіру уақытын қысқартады және нәзік дәм береді. Пасталарды, тұздықтарды, сұйық кремдерді дайындауға өте ыңғайлы.
КОНДИТЕР КЕҢЕСІ
Өсімдік және жануар кілегейін мұздату арқылы ажыратуға болады. Жануарлар кілегейі төмен температурада түрін өзгертпейді. Ал өсімдік кілегейі мұздатылған суда майды ығыстырады және тұнба қалдырады.
Меншікті брендтер
METRO Chef - СІЗДІҢ ШАБЫТТАНУЫҢЫЗҒА АРНАЛҒАН САПАЛЫ ИНГРЕДИЕНТТЕР.
Біз өз уақытымыз бен күшімізді клиенттерімізге ең жақсысын ұсынуға арнаймыз. Metro Chef - тағам саласында тәжірибелі мамандармен сыналған және жасалған бренд, ұмытылмас аспаздық шедеврлер үшін жоғары сапалы тағам өнімдерінің шабыттандыратын ассортиментін ұсынуға дайын.