БІР РЕТТІК ӨНІМДЕР
Кез келген қоғамдық тамақтану мекемесінің, корпоративті пикниктің немесе кофе-брейктің жұмысын бір реттік өнімдерсіз елестету мүмкін емес. METRO сауда орталықтарында көтермелеп және бөлшек түрінде сатып алуға арналған бір реттік ыдыс-аяқтар, түтікшелер, майлықтар, пакеттер және тағы басқалары бар.
METRO үшін басым бағыттардың бірі биологиялық ыдырайтын бір реттік өнімдерге бағдарлану болып есептеледі. Мұндай тауарлар табиғи талшықтардан немесе екінші рет қайта өңделген шикізаттан жасалады және табиғатта шағын көлемде экологиялық із қалдырады.
Әлемдік қоғамдастық жыл сайын пластикалық материалдарды күнделікті өмірде және кәсіби тамақтану орындарында қолдануды азайтуда. Бұл бизнестің қоршаған ортаға жауапкершілігін көрсетеді. 2021 жылдан бастап ЕО бір реттік пластикалық ыдыс-аяқтарды, түткішелер мен асүй құралдарын өндіруге және қолдануға тыйым салды, ал өндірушілерді биологиялық ыдырайтын өнімдерді өндіруге және қолдануға шақырды.
METRO мұндай қадамдардың маңыздылығына сенеді және пластиктерді қолдануды үнемі азайтады және экологиялық ізі аз көлемде болатын өнімдердің үлесін арттырады.
БИОЫДЫРАЙТЫН БІР РЕТТІК ЫДЫСТАР КІМГЕ ӨЗЕКТІ?
Бұрын биологиялық ыдырайтын ыдыс-аяқтарды экологиялық белсенді компаниялар мен мейрамханалардан ғана көруге болатын. Алайда, соңғы жылдардағы тренд ірі брендтерді экологиялық із туралы ойлануға мәжбүр етеді. METRO Қазақстанда экологиялық өнімдерді ілгерілету мен ұсынуда көшбасшы.
Мұндай тауарлар, бірінші кезекте, әр түрлі бір реттік ыдыстарды пайдалану деңгейі дәстүрлі түрде жоғары болатын HoReCa саласында қажет: әуе және теміржол түскі асын ұйымдастыру үшін; қоғамдық тамақтандыру үшін; кофе-брейктер үшін; көрмелер мен презентацияларда; кафе мен мейрамханалардың жұмысы үшін; азық-түліктерді жеткізу; қызметі үшін; көкке шығу мен барбекюді өткізу үшін.
БИОЫДЫСТАР СИПАТТАМАСЫ
Биоөнімдерде химиялық белсенді заттарды, желім мен лактарды қолдану алынып тасталады
Эко-ыдыстардың тағы бір артықшылығы - оның кең температуралық диапазоны. Қамыстан немесе крахмалдан дайындалған ыдыстардың пластиктерден айырмашылығы, өнімдерді мұздатуға және қысқа толқынды пеште қыздыруға жарамды, ол тамаққа қауіпті химиялық қосылыстардың түсу қаупін болдырмайды.
Табиғи экологиялық ыдыстағы тамақтар өзінің табиғи хош иісі мен табиғи дәмін ұзақ сақтайды.