METRO AG компаниясы Қазақстандағы қызметін 2027 жылғы наурыздың соңына дейін тоқтату туралы шешім қабылдады. Осыған байланысты METRO Қазақстанның барлық 6 дүкені мен жеткізу қызметі кезең-кезеңімен жабылады. Бұл шешім METRO-ның Қазақстандағы бизнесін ұзақ мерзімді дамыту мүмкіндіктерін бағалау нәтижесінде қабылданды. Жергілікті команда клиенттерге арналған ұсыныстарды жақсартуға және көтерме сауда қызметін жергілікті нарықтың ерекшеліктеріне бейімдеуге көп күш салды. Соған қарамастан, компания тұрақты өсімге қажетті берік негіз қалыптастыруда қиындықтарға тап болды. METRO Қазақстан үшін бұл – оңай емес кезең. Қызметкерлерімізге кәсібилігі, еңбегі және компанияға деген адалдығы үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сондай-ақ клиенттерімізге, жеткізушілерімізге, іскерлік серіктестерімізге және мемлекеттік органдарға METRO-ның Қазақстандағы барлық жұмыс жылдарында көрсеткен сенімі, ынтымақтастығы және қолдауы үшін ризалығымызды білдіреміз. Өтпелі кезеңде METRO Қазақстан қызметкерлердің, клиенттердің, серіктестердің және басқа да мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, бұл үдерісті жауапкершілікпен әрі құрметпен жүргізуге бар күшін салады.