Бұл бағдарлама өз ісіне жан-тәнімен берілген, жаңа нәрсені сынап көруді ұнататын және кәсіби ортада дамуға ұмтылатын жас, белсенді әрі талантты бас-аспаздарға арналған.Біз өз қабілетін көрсеткісі келетін, шабыттандыратын контент жасап, Қазақстандағы ресторан индустриясының болашағын қалыптастыратын қауымдастықтың бір бөлігі болуға дайын жандарды шақырамыз.
Бағдарлама қатысушыларына не ұсынамыз<
Бізге қосыла отырып, сіз кәсіби ортада өсуге, тәжірибе жасауға және өзіңізді танытуға көмектесетін жан-жақты қолдауға ие боласыз.
- Мастер-класстар өткізуге арналған өнімдер;
- Әлеуметтік желілердегі қолдау;
- PR сүйемелдеу;
- Медиа кеңістіктегі көрінімділікті арттыру;
- HoReCa іс-шаралары мен байқауларына қатысуды қолдау;
- Белсенді амбассадорлар үшін: бір жылдық ынтымақтастықтан кейін аспаздық академияда оқуды және аты-жөні жазылған жеке кительді ұтып алу мүмкіндігі.
Амбассадордың негізгі міндеттері
- METRO-ны сыртқы кәсіби іс-шараларда таныстыру;
- Компания ішіндегі бастамаларға қатысу;
- Жаңа бас-аспаздарды тартуға ықпал ету;
- Контент түсірілімдеріне қатысу;
- METRO өнімдерін әлеуметтік желілерде ілгерілету.
Қатысу не береді
- METRO брендінің бет-бейнесі болу мүмкіндігі;
- Контент, коммуникациялар және жеке брендті дамыту бағытында кәсіби қолдау;
- METRO түсірілімдеріне, арнайы жобалары мен іс-шараларына қатысу;
- Ресторан қауымдастығындағы кәсіби байланыстарды нығайту.
Біздің амбассадорлар
Павел Цой
Біздің алғашқы шеф-амбассадорымыз - есімі Bistro Alma, BLANCA және RAW сияқты жарқын жобалармен тығыз байланысты шеф. Оның кәсіби көзқарасы мен бірегей ұсыну стилі оны заманауи аспаздықтың ең танымал өкілдерінің біріне айналдырды. Онымен бірге оқыту бейнежазбалары мен рецепттерден бастап, шабыттандыратын сұхбаттар мен жұмыс барысындағы түсірілімдерге дейін көптеген контент жасалды. Ол бағдарламаның бет-бейнесі мен үніне айналып, оның құндылықтарын көрсетіп, болашақ амбассадорлар үшін жоғары стандарт орнатты.
Іріктеу критерийлері
- Қазақстан Республикасының азаматы;
- 30 жастан кіші;
- Камера алдында өзін еркін ұстау;
- Дамыған коммуникациялық дағдылар;
- METRO өнімдерін қолдану тәжірибесі;
- Мотивациялық хат;
- Мейрамханадан немесе қазіргі амбассадордан ұсыныс хат.
Қалай амбассадор болуға болады
Егер өзіңізден амбицияны сезініп, бізбен бірге дамуға дайын болсаңыз - сіздің өтініміңізді күтеміз. Өзіңіз туралы айтып, тәжірибеңіз бен мотивацияңызды бөлісіңіз, мүмкін дәл сіз METRO Young Talents бағдарламасының өкілдерінің бірі боларсыз.
Қатысу формасын толтырып, жаңа мүмкіндіктерге, жобаларға және кәсіби өсуге қарай қадам жасаңыз.