БІЗ БІРГЕ 65 МИЛЛИОННАН АСТАМ ПЛАСТИКАЛЫҚ БӨТЕЛКЕЛЕРДІҢ МҰХИТҚА ТҮСІП КЕТУІН БОЛДЫРМАЙ АЛДЫН АЛАМЫЗ.
Сенімді серіктестерімізбен бірге біз алдағы 12 ай ішінде 2 миллион кг * астам пластик қалдықтарды қалпына келтіреміз және қайта өңдейміз.
Сонымен қатар, біздің іс-шаралар жүздеген отбасыларға білім беру, денсаулықты сақтау сияқты және басқа да өмірлік маңызы бар заттарға қол жеткізуге көмектесу арқылы лақтырылған пластикті жинайтындардың өмірін жақсартуға көмектеседі.
* 1 миллион кг пластикалық қалдық 100 миллион пластикалық бөтелкеге тең.
Бұл санау біздің серіктесіміз Пластикалық Банкіпен бірге мұхиттарға қаншама пластикалық бөтелкелердің түсіп кетуін болдырмай алдын алып қалғанымызды көрсетеді. Біз оған енгізген әрбір 50 цент үшін тағы 1 кг пластикалық қалдықтарды жинаймыз және қайта өңдейміз.
ПЛАСТАМИК ҚАЛДЫҚТАРДЫ АЗАЙТУДАҒЫ ӘРІПТЕСТЕРІМІЗ
БҰЛ СІЗДІҢ КЛИЕНТТЕРІҢІЗДІ АЛАҢДАТАДЫ – СОНДЫҚТАН СІЗДІҢ ДЕ БИЗНЕСІҢІЗДІ АЛАҢДАТУЫ ТИІС
Өндірілген
пластиктің 91% ешқашан қайта өңделмейтіні ақиқат. ** Нәтижесінде жыл
сайын мұхитқа шамамен 8 миллион тонна пластик ағып кетеді. *** Егер қазіргі
ластану деңгейі жалғаса берсе, 2050 жылға қарай мұхиттағы балықтарға қарағанда
пластмасса көп болуы мүмкін. *** Ал бұл пластик ақырындап ыдырайтындықтан,
мұхиттағы жануарлар тұтынатын микропластиктерді шығарады, демек біздің
тамағымызға да енеді. Бұл
көптеген тұтынушыларды сатып алу тәртібін қайта қарауға мәжбүр етті,
кейбіреулері қазірдің өзінде тұрақты дамуды қолдамайтын компаниялардан сатып
алмауды шешті.
** National Geographic,
«Ғаламшар немесе пластик?», 2018 ж. *** Дүниежүзілік экономикалық форум «Жаңа пластикалық экономика -
Пластиктің болашағын айқындау»,
2016 ж.
ӨЗ БИЗНЕСІҢІЗДІ КӨБІРЕК ТҰРАҚТЫ ЕТІҢІЗ
Бизнестің
тұрақты дамуының құпияларының бірі - 4R қағидаларын есте сақтау - қайта
пайдалану, азайту, қайта өңдеу, қалпына келтіру. Төменде 4R пластик қалдықтар санын азайтуға көмектесетін
бірнеше кеңестер берілген: