Бірегей тағамға арналған 12 таптырмайтын суперөнім

Оқу уақыты : 9 мин

Суперөнім немесе супер-фуд тағамдарды нағыз энергетикке айналдырады. Көптеген қоректік заттардың арқасында олар біздің ағзамызға үлкен пайда әкеледі. Сондықтан оларды мәзірге енгізу туралы ойлану қажет емес пе?

СУПЕРФУД ДЕГЕН НЕ?

Суперфуд 100%-ға табиғи ингредиенттерден тұрады. Олар түрлі тағамдардың құрамында бар: жаңғақтар, көкөністер, балдырлар, дәндер, жемістер, тамырлар мен шөптерде... Олар ерекше қоректік құндылығымен өзгешеленеді.

Олар қоректік заттардың, минералдардың, дәрумендер мен антиоксиданттардың нағыз концентраттары болып қана қоймай, ағзаны микроэлементтермен, ақуыздармен және таптырмайтын май қышқылдарымен қанықтыруға мүмкіндік береді. Сондықтан олар денсаулық үшін өте жақсы: иммундық қорғанысты арттырады, шаршаңқылықпен, холестеринмен, жүрек-қан тамырлары ауруларымен, диабетпен күресуге көмектеседі.


Сонымен қатар суперөнімдер ас қорытуға, салмақтың төмендеуіне, сүйек пен терінің саулығына және гормондық тепе-теңдікке ықпал етеді. Тіпті, олардың антиоксиданттық қасиеттері жасушалардың қартаюын шектейді.

СУПЕРФУД ДЕГЕН НЕ?

Дәндер

Суперөнімдерге келесі дәндерді жатқызуға болады: чиа, күнбағыс, күнжіт, кендір, бойдана дәндері.

Чиа дәндері

Мексикадан шыққан бұл дәндер омега-3, омега-6, ақуыз бен кальцийге бай. Фолий қышқылының көптігіне байланысты олар әсіресе жүкті әйелдерге ұсынылады.

Чиа дәндерін тұтыну ішек жұмысын қалпына келтіруге ықпал етеді, қан қысымын реттейді және жүрек-қан тамырлары аурулары қаупін азайтады. 

Чиа дәндерін өсімдік сүті мен балғын жемістермен пудингке қосады, смузиге, кекстерге немесе салаттарға қосады.

 

Кендір дәндері

Кендір дәндері ақуыздар мен омега-3 көзі болып табылады. Сонымен қатар олар жасұнық пен Е дәруменінің керемет көзі болып саналады.

Кендір дәндерін тұтыну иммундық жүйені нығайтады, холестерин деңгейін төмендетеді және энергияны толықтырады.

Жаңғақтар

Суперөнімдер: пекан, бадам, пісте, грек жаңғақтары, какао бұршақтары, кешью, жержаңғақ, бразилия жаңғағы, грек жаңғақтары, макадамия, қарағай жаңғағы…

Бадам

Жаңғақтар бөлімінде бадам негізгі суперөнімдердің бірі болып саналады. Ол жасұнық, ақуыз, моно- және полиқанықпаған май қышқылдары мен калийдің көзі болып табылады.

 

Бадамды тұтыну қанды сұйылтады және қан қысымын төмендетеді, осылайша жүрек ауруының қаупін азайтады. Антиоксиданттық қасиеттері арқасында бадам жасушалардың қартаюына және қатерлі ісіктің кейбір түрлерінің пайда болуына қарсы тұруға көмектеседі.


Бадам тұзды, сондай-ақ тәтті рецептілерде жақсы жұмыс істейді. Ұсақталған түрінде ол ақсерке етін жауып тұратын әдемі қабықша түзеді. Ұнтақ түрінде оны бисквит печеньесін немесе песто жасау үшін пайдалануға болады.

Пісте

Пісте – ақуыз, С дәрумені, кальций, магний мен темірдің тамаша көзі.

Құрамындағы дәрумендер мен минералдардың арқасында пісте ағза тонусын сақтауға көмектеседі, жүрек саулығын нығайтады және оның жұмысын ынталандырады.

Пісте өзінің әдемі жасыл түсімен балғын жемісті бәліштерді, балмұздақ немесе пудингті безендіруге керемет жарайды.

Супержемістер

Супержемістерге құрамында антиоксиданттардың, дәрумендер мен минералдардың, микроэлементтердің шекті мөлшері бар жемістер жатады. Оларға, мысалы, асаи жидектері, ацерола, годжи жидектері, анар, шие, манго, алма, құрма, інжір, таңқурай, көкжидек, мүкжидек, інжір, қара бүлдірген, папайя, өрік, физалис, банан, ананас, қара өрік, алмұрт, жүзім жатады.

 

Годжи жидектері кальций, ақуыз бен жасұныққа бай. Бұл кішкентай кептірілген жемістерді тұтыну әсіресе қандағы холестерин, қант деңгейін және қан қысымын реттеуде тиімді.

Годжи жидектері пісірілген нан өнімдері мен салаттарға түс пен татымды дәм береді.

 
Анар

Анардың шырынды қызыл күрең дәндері құрамындағы жасұнық пен В9 дәруменінің (немесе фолий қышқылы) жоғары мөлшері үшін бағаланады.

 

Оны тұтыну жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға көмектеседі. Сондай-ақ анар қабынуға қарсы қасиетке ие және холестерин деңгейіне оң әсер етеді.

 

Анар дәндері ысталған скумбрия мен кориандр қосылған тостарға, киноа, фета мен цуккини қосылған салатқа немесе қуырылған етке арналған йогурт пен балғын шөптер қосылған тұздыққа шырынды әсер береді…[No text in field]

Көкөністер

Ақуыздар мен минералдардың жоғары мөлшерімен әйгілі жасыл көкөністер тұтынушылар арасында танымал бола бастауды. Олардың ішінде кресс-салат, пекин қырыққабаты, брюссель қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, түсті қырыққабат, кольраби, мангольд, брокколи, порей пиязы, асжапырақ, бөрікгүл, егістік қышатүс, бұршақ, авокадо, кәді.

Қырыққабаттан максималды пайда алу үшін, детокс әсері үшін қырыққабат, алма және сәбіз шырынын ішіңіз.

Өсімдіктер мен тамырлар

Дәстүрлі медицинада бұрыннан қолданылатын өсімдіктер мен тамырлар қазір тағам дайындауда кеңінен қолданылуда. Мысалы, куркума, мака, зімбір, көк шай, женьшень, моринга, гуарана, конжак, айлауық.

Мака

Мака - Латын Америкасынан шыққан тамыр жемісі. Ол анд женьшені деп те аталып, негізінен ұнтақ түрінде тұтынылады. Бұл суперөнім жасұнық пен ақуызға, сонымен қатар аминқышқылдары мен микроэлементтерге, соның ішінде темірге бай.

Мака күш-қуат береді, дене және ақыл-ой қабілеттерін жақсартады, психикалық әл-ауқат пен гормондық тепе-теңдікке ықпал етеді.

Мака жаңғақтың немесе тіпті карамелдің жеңіл дәміне ие. Асүйде сіз оны сергітетін сусын үшін смузиге немесе ыстық шоколадқа қоса аласыз. 

Куркума

Куркума суперфуд әуесқойлары арасында өте танымал . Бұл ұнтақ тәрізді тамыр тағамға ашық сары түс береді. Ол жасұныққа , темірге және кальцийге бай, сонымен қатар құрамында магний, мырыш, мыс және калий бар.

Осы қоректік қасиеттерінің арқасында куркума керемет антиоксидант және қабынуға қарсы дәрі-дәрмек болып саналады. Бұл ас қорытуға, сонымен қатар тері мен шаштың сапасына ықпал етеді.

Куркума алтын латте ыстық сусыны ретінде, сондай-ақ қуырылған көкөністі тағамдарда немесе қызыл жасымық пен кокос сүтінен жасалған үнді сорпасында қолданылады…

Бірегей, пайдалы және дәмді суперөнімдер сіздің тағамдарыңызға өзгешелік береді. Олар жақсы көңіл-күйдің, ең бастысы, өздеріне қамқорлық жасайтын клиенттеріміздің денсаулығының кепілі болып табылады.