METRO-дан 1 000 000 ₸ көлеміндегі сертификатын және басқа да бағалы сыйлықтарды ұтып ал!
Желтоқсан айында сатып алып, METRO-дан 1 000 000 теңгелік сертификат пен бағалы сыйлықтардың ұтысына қатысыңыз. Оған ас үй техникасы, METRO-ның жеке маркалы азық-түлік жиынтықтары және үйге арналған жұмсақ пледтер кіреді. Күн сайынғы 10 000 ₸ және одан жоғары сатып алу сізді басты жүлдеге бір қадам жақындатып, жағымды сыйлықтар ұту мүмкіндігін арттырады.
Қатысу шарттары
Желтоқсан айында METRO арнайы акция өткізеді: кез келген сатып алушы 1 000 000 ₸ көлеміндегі сертификатты және басқа да бағалы сыйлықтарды ұта алады. Қатысу үшін Астана, Алматы, Қарағанды, Павлодар, Өскемен немесе Шымкент қалаларындағы кез келген METRO сауда орталығына барып, METRO картасымен бір күнде 10 000 ₸ немесе одан жоғары сомаға сатып алу жеткілікті. Осындай әр күн — бір жеңіс мүмкіндігі. Бір күн ішінде бірнеше сатып алу жасалса, олардың жалпы сомасы 10 000 ₸ асқан жағдайда бір мүмкіндік ретінде есептеледі. Ал әртүрлі күндердегі сатып алулар бөлек мүмкіндіктер береді, сондықтан жиі сатып алған сайын жеңіске бір қадам жақындай түсесіз.
Акция 2025 жылдың 8–31 желтоқсан аралығында өтеді. Осы кезеңде 12, 19 және 26 желтоқсанда апталық сыйлықтар ойнатылады. Басты жүлденің ұтыс ойыны 2026 жылдың 15 қаңтарында өтеді. Барлық ұтыс ойындары Instagram желісіндегі @metro.com.kz парақшасында сағат 18:00-де тікелей эфирде жүргізіледі. Жеңімпаздар кездейсоқ таңдау әдісі арқылы анықталады. Ұтыс нәтижелері акция сайтына жарияланады және жеңімпаздарға телефон арқылы хабар беріледі.
сыйлықТАР
Басты сыйлық — METRO-да тауар сатып алуға арналған жалпы құны 1 000 000 ₸ болатын сертификаттар жиынтығы. Бұл сертификаттарды алкоголь және темекі өнімдерінен басқа кез келген тауарға 12 ай ішінде қолдануға болады. Сонымен қатар, апта сайын қосымша сыйлықтар ойнатылады: тұрмыстық ас техникасы, жылы пледтер және METRO-ның жеке сауда маркаларының азық-түлік жиынтықтары.